Жайылмалықтар сайлауға белсене қатысуда

Бүгін Жайылма ауылдық округінде әкім сайлауы өтуде. Округке Жайылма, Ақтам, Қызылдиқан, Маятас ауылдары кіреді. Орталығы – Жайылма ауылы. Тұрғындар саны – 3820. Оның сайлауға қатысатыны−1581.

Әйтеке би атындағы орта мектепте орналасқан №376 сайлау учаскесінде сайлаушылардың өтіп жатқан науқанға деген жоғары қызығушылығы байқалады.

Тұрғындар таңертеңгі сағат 7-ден бастап дауыс беру үшін учаскеге келуде. Айта кететін жайт, 376 сайлау учаскесінде дауыс берушілерге арналған 3 кабина орналастырылған. Сайлау учаскелері сағат 20:00-де жабылады. Осы уақытқа дейін әрбір азаматтың өз учаскесіне келіп, дауыс беруіне мүмкіндігі бар екендігін еске саламыз.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі