ЖАЙЫЛМАДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ЖАЙЫЛМАДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Өткен сейсенбі күні Жайылма ауылында Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Сарысу аудандық әкімдігі мен ауылшаруашылық бөлімі, ауданның ауылшаруашылық кәсіпорындары басшылары мен мамандарының және шаруалардың қатысуымен ауылшаруашылығы жиыны өтті.
Жиын Жайылма ауылдық округіндегі «Nurtileu» өндірістік кооперативінің жүгері егістігінде 12 түрлі жүгері будандарының өсіп-өнуі, өнімділік қалыптастыру ерекшеліктерін және ауылшаруашылық техникаларын таныстырудан басталды.
Жиын ары қарай Жайылма ауылдық мәдениет үйінде жалғасты.
Алдымен жиынға қатысушылар селекциялық- тұқымшаруашылық «KWS» компаниясы өнімдерінің көрмесін тамашалады.
Жиын барысында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан аудандағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
Жиынға қатысқан Жамбыл облыстық ауылшаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Н.Мұқашев фермерлерге мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар мен жеңілдіктер жайында баяндама жасаса, өзге де спикерлер жүгері өсіру бойынша ғылыми- практикалық кеңестер мен жүгері будандарымен жүргізілген экологиялық сортсынақ нәтижесінде ауданның жағдайында жоғары өнім беруге бейімделген будандар жайлы айтты.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан «AlemAgro», «KazAzot», «Казфосфат» және «Казагротехменеджмент» компанияларының өкілдері де өздерінің аудан фермерлері үшін ұсынатын тауарлары мен қызметтері туралы мәліметтер берді.
Жиын барысында шаруалар мен жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.
Жайылма Ауылдық Округі