«Жайдарлы Жайдарман»

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы және «Жайдарлы» жастар КВН лигасының ұйымдастыруымен Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты ректоры кубогі үшін колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында ашық жайдарман ойыны өтті.Сайыста Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектеп және колледж білімгерлерінен құралған 10 команда өнер көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орын және ректор кубогының Қазақ-Түрік лицейінің «Сүлейменов 19» құрамасы, 2 орын және 50% жеңілдікті Меркі ауданынан келген «Меркістан» құрамасы, 3 орын және 25% жеңілдікті Байзақ ауданынан келген «Аказаки» құрамасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға институт атынан бір жылдық оқу ақысына жеңілдіктер мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, «Ең үздік ойыншы» номинациясын Жаңатас қаласынан келген «Жаңа Париж» командасының ойыншысы Нұрсұлтан Андрекбаев жеңіп алса, «Ең үздік әзіл» номинациясын 34 мектептен келген «Cotton Candy» құрамасы жеңіп алып, қаржылай марапатталды.

Аталмыш жарыс барысында жайдарманшылар арасында футболдан тартысты ойын, институт тарапынан түрлі бейресми шаралар ұйымдастырылды.

Мұрат Жұмағұлов