Жаңатаста қар тазалау жұмыстары қызу жүруде

Жаңатаста қар тазалау жұмыстары қызу жүруде
Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Түнде басталған тазалау жұмыстарына 13 техника, 20 адам күші жұмылдырылған. Қазірге дейін қаладағы негізгі 27 көшедегі (барлығы 48 көше) қардан ашылған.
Қардың биіктігі шамамен 21 см жеткен. Ауданда жел секундына 12 метр жылдамдықпен соғуда.
Сонымен қатар, аудан орталығы мен елді мекендерді жалғайтын Ақтоғай, Жаңарық, Саудакент елді мекендеріне жол ашылып, көлік қатынауда.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда 4 жедел жәрдем көлігі кезекшілік етуде.