ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Р.Шарипов Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институт студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында, жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі мен талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы, оның ішінде, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық форматтағы тәртібі, оқу орындарын үздік аяқтаған жастардың мемлекеттік қызметке оңай орналасу мүмкіндіктері туралы аталып өтті.
Сонымен қатар, Агенттіктің бастамасымен «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» аясында, мемлекеттік секторға таланттар пулын іздеу және қалыптастыру бойынша ұйымдастырылып жатқан жаңа жобаның мақсаты, тәртібі мен талаптары толығымен түсіндірілді.
Кездесуде жастардың мемлекеттік қызмет саласын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстары талқылана отырып, қызықтырған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.