ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ӘКІМДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жыл басынан бері ауданымыздағы ауылдық округтердің кадрлық құрамында бірқатар ауыс-түйістер орын алған болатын. Енді міне, жуырда ғана Шу қаласы мен Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, жергілікті тұрғындар өз таңдауын жасады.
Осыған байланысты, сайлауда жеңіске жетіп, өз қызметіне кіріскен әкімдерді ұжымға және ақсақалдарға, сондай-ақ тұрғындарға ресми түрде таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледік. Дәлірек айтқанда, осыған дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Елдос Нұралиев Шу қаласының әкімі ретінде сайланса, Марат Майшекеев Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі қызметіне кірісті.
Қос әкімді де жергілікті халықтың өзі сайлап, сенім білдіргендіктен алдағы уақытта тұрғындармен бірлесе жұмыс атқарады деген сенімдеміз. Тұрғындардың сенім үдесінен шығып, қала мен ауылдың көркеюіне, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына үлес қосу да жаңа сайланған әкімдердің ең негізгі міндетіне кіретін болады. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығын бірлесе атқаратын боламыз.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі