Жаңа жылдық құттықтау

Қазақ атамыз “ескі жылда есірке, жаңа жыл да жарылқа” деп бекер айтпаған. Барша қазақ жұртын, түн түндігін түріп, қуанышпен кіріп келе жатқан ұлу жылымен құттықтаймыз! Әр отбасыға амандық, молшылық, зор денсаулық, берекелі дастархан, иманды, ибалы ұрпақ, табысты еңбек тілейміз! 2024 жыл қазақ елі үшін экономикалық даму жылы, халықтың бай-бақуатты тіршілік кешетін, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жылы болғай!
Ұлтқа жанашыр басшылар көп болып, әр салада әділдік салтанат құрып, елдің еңсесі көтеріліп, әлеуметтік мәселелер толық шешілгей!
Біз өз оқырмандарымызға жаңа жылда жаңа қырымыздан көрінуге, оқырман талғамына, сұранысына сай дүниелер жазуға күш саламыз! Оқырмандарымызға да жаңа ұлу жылында ұлы жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!
Жаңа жыл бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген үмітті ала кірсін!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
2024 жыл – нағыз өзгерістер жылы болсын!
Мереке құтты болсын, қымбатты ағайындар!

“Қазақстан дәуірі”, “Мөлдір бұлақ” журналы, “Елана”сайты ұжымы