Жаңа жылдағы жарқын додалар

Назарларыңызға келіп жеткен жаңа 2017 жылы елімізде өтетін негізгі республикалық және халықаралық спорт сайыстары жөнінде мәлімет ұсынамыз.

28 қаңтар – 8 ақпан. Алматы. XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада.

19 мамыр – 1 маусым. Өскемен. Волейболдан әйелдер клубтық  командалары арасындағы Азия чемпионаты.

14 –18 маусым. Бурабай, Ақмола облысы. Триатлоннан Азия кубогы.

24 – 25 маусым. Алматы. Жеңіл атлетикадан «Ғұсман Қосановтың XXVII мемориалы» халықаралық жарысы.

24 –28 маусым. Астана. Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты.

25 маусым – 6 шілде. Астана. Шахматтан «Астана ЭКСПО-2017» супертурнирі.

1 – 2 шілде. Астана. Каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаты.

10 – 17 шілде. Астана. Каратэ-додан Азия чемпионаты.

10 – 17 шілде. Алматы. Волейболдан екінші топ әйелдер командалары  арасындағы әлем Гран-приінің екінші кезеңі.

20 – 24 шілде. Астана. Белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты.

24 – 30 шілде. Астана. Теннистен Қазақстан Пре­зи­дентінің кубогы үшін жарыс (Челленджер).

Тамыз. Астана. Футболдан «ЭКСПО-2017» Қазақстан Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир.

3 – 13 тамыз. Астана. Компакт-спортингтен әлем чемпионаты.

17 – 20 тамыз. Астана. Қазақ күресінен әлемнің VII чем­пионаты.

20 – 28 тамыз. Астана. Көкпардан әлем чемпионаты.

26 – 27 тамыз. Астана. Қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирі.

31 тамыз – 9 қыркүйек. Астана. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 жылдығына арналған жыл сайынғы конференция.

1 – 4 қыркүйек. Астана. Жауынгерлік аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты.

2 – 9 қыркүйек. Астана. Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты.

29 қыркүйек – 9 қазан. Алматы. Волейболдан әйелдер командалары арасындағы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің екінші раунды.

24 – 28 қазан. Шымкент. Бадминтоннан «Apacs Kazakhstan International Мауior 2017» халықаралық жас­өс­пі­рімдер арасындағы турнир.

Қараша – желтоқсан. Алматы, Риддер. IV қысқы рес­пуб­ликалық спартакиада.

Ресми ақпарат: Егемен Қазақстан