ЖАҚСЫ ЖАУАП….

Автобусқа бір кемпір кіріп келді. Жас жігіт тұрып оған орын ұсынғанда, кемпір мысқылдап:
«Балам жасың нешеде?»,-деді.
Жігіт:
«Жасым жиырма сегізде»,-деп жауап бергенде кемпір:
«Жиырма сегіз жасқа толсаңда әлі автобуста жүрсің бе? Менің қызым 22 жасқа жетер жетпес машина сатып алған болатын»,-деді мұқатып.
Жас жігіт жай ғана күлімсіреп:
«Иә, мен де біраз ақша жинаған едім. Сол ақшама анама машина алып бердім.
Енді анама әрі-бері баруы үшін автобус күтіп, нығалып-сығылысып, терлеп-тепшіп жүрудің қажеті жоқ болды»,- деп жауап берді……………..
Амантай Тойшыбайұлы