Жақсы сөз ~ жанға шипа…….

«Адамға ең бірінші көңіл қымбат» ~ деп жатамыз.Ал көңілдің кілті неде? Адам баласының жанын жадыратып жаз қылатын да, Құлдыратып қыс қылатын да ~ бір ауыз сөз. Сол бір ауыз сөздің мейлі жақсы болсын,мейлі жаман болсын адамзатқа тигізер әсері өте зор.Ауыздағы сөз жақсы болатын болса,адамға рахат силап,көңілін көтеріп,жабырқаған жанын жайлатып,тіпті дертіне шипа береді. Ауруына ем іздеп келген науқас адамға,тіпті өз көңіл күйіңіз мәз болмай тұрса да жылы қабақ танытып,жағымды сөздерді айтсаңыз ~ әлгі адамның көңілі көтеріліп, бір сәт сырқатын да ұмытып кететіні де сөзсіз.Ал егер сіз бар ашуыңызды сыртқа шығарып алдыңызға келген науқасқа немқұрайлы қарап,дөрекі сөйлеп шығарып салған болсаңыз ~ онда ол науқас ауруының үстіне ауру жамап,өзін ешкімге керек еместей сезініп,еңсесі түсіп қайтады.
Кейде бір істің реті келмей, бір адамға ренжіп жатсақ қапаланып ашуға беріліп,тіпті кейде қарғап ~ сілеп жататындар да аз емес. Қарғыстың аты ~қашанда қарғыс, қаһарына ұшыратпай қоймайды. «Ат айналып иесін табар,қарғыс айналып киесін табар» деген даналық сөз осының дәлелі емес пе? Пенде болған соң өкінішке орай азды көпті күнәлар жасап,сабырсыздыққа бой алдырып,бір~бірімізге ауыр сөздер айтып, көңілімізді қалдырып жатамыз. Алайда, ашуды ақылға жеңдіруге әбден болады.Ол үшін адам алдымен өзін~өзі тәрбиелеуден бастау керек. Алдымен айтар сөз бен ойды түзеген абзал.Біреуге сын айтып, кінә артпастан бұрын, «мен осы адамға сынауға лайықтымын ба?» деген сауалды өзіне қойған дұрыс.Өз басын ойлап, ойымды ашық жеткізем деп өзгелердің көңіліне сызат түсіріп,жанын жаралап жататындар да бар.Көңілі қалған кейбір адам баласы естіген ауыр сөздерді жадында мәңгіге кек қылып сақтап,сөз естіген адамынан қалыспай қарғыс тілеп жаман көзқарас қалыптастырады.Өмірдегі ең жұмсақ,ең нәзік жаратылыс ол ~ көңіл. «Адамның көңілі,бір атым насыбайдан қалады» деген даналық сөз бекерге айтылмаса керекті.Осындай көңіл күй мен ара қатынас адамның денсаулығына үлкен кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ал, әрқашанда жақсы көңіл күймен,күлімсіреп жүретін жандар ~ өзіне ғана емес айналасына да тура сондай әсер береді.Өзі шаттанады,жанындағыларды да шуаққа,қуанышқа бөлейді. Тіпті,жылы жымиып,амандасқаннан ақ адамды өзіне баурап тұрады. «Жүзі жылы адамның жүрегі жұмсақ» болады дейді.Жүректің жұмсақ болуы ~ жанның рахаты десем артық айпаған болар едім. Жүрегі нәзік жандар жақсылық жасаудан жалықпайды.Жақсылықтың жауабы ~ ақ алғыс пен бата. Алғыс алған адамның төрт дүниесі түгел,дені сау,уайым қайғысы аз болатыны белгілі.Ондай адамдар сабырлы, салмақты қасиеттерімен бар қиыншылықты ақылға жеңдіріп өз жандарына рухани шипа силай біледі.
Алғыс пен қарғыстың адамға тигізер дәлелі ретінде бір оқиғаны тілге тиек етейін:
Жапон елінде,бір ғұлама адам екі ыдысқа толтыра су құйып,оның біріне,тек жақсы сөздер айтып ауруына ем сұрап, жанына шипа дұға тілеп суға дем салыпты.Ал,екінші ыдыстағы су адамға кері әсер ететін,яғни қарғыс сөздермен үшкіріліпті. Әлгі екі ыдыстағы суларды екі адамға бірдей ішкізеді.Біраз уақыттан соң қарғыс айтылып оқылған суды ішкен адам өз өзінен түсініксіз ауруларға шалдығып,күннен күнге нашарлай беретін көрінеді.Жақсы ниетпен оқылған суды ішкен адам,күннен күнге жүзі бал~бұл жайнап,қуаттанып,сұлуланып кеткен екен.Міне осыдан кейін,жақсы сөз бен жаман сөздің адам ағзасына тигізер пайдасы мен зиянын байыптай беруге болады.
Олай болса,бір біріміздің көңілімізге қаяу түсірмейік, бағалай білейік. «Жақсы сөз жарым ырыс» ~ жасқы сөздер айтып,тілекші болайық. Жүректеріңізге иман,имандарыңызға нұр сеуіп, Жаратқан жандарыңызға қуат берсін!