ЖӘРМЕҢКЕ

Сенбі, 1 қазан күні Тараз қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде облысымыздың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылады.
Сондай-ақ, орталық алаңда «ПалауParty» шарасы ұйымдастырылып, шаһардың ең үздік мейрамханаларының аспаздары пісірген дәмді палау жәрмеңкеге келушілерге арзан бағада сатылады.
Баршаңызды төмен бағада азық-түлік сатып алып, бесаспап аспаздардың палауынан дәм татуға шақырамыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы