Жәнібек Әлімханұлы америкалық әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

«Бенавидес, сен мықтылармен жұдырықтасқың келеді, олай болса, жұрықтасайық! Біздің кездесу жоғары деңгейде өтеді! Мұны сен де, фанаттар да біледі. Егер салмақ қуа алсаң, екінші орта дивизионда жұдырықтасуға дайынмын! Оңай жұмыс!» –деді Жәнібек Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Әлімханұлы WBC нұсқасы бойынша титул иегері америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) мен WBA нұсқасы бойынша чемпион кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырған болатын.

Еске салайық, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын біріктірген еді. Әлімханұлы алтыншы раундта техникалық нокаутпен германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

 

prosports.kz