Жұрт көңілінен шыққан жәрмеңке

🔰Таразда «Grand bazaar» сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңке өтті.
🥬Жәрмеңкеде аймақтың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері сатылды.
🔹Жәрмеңкеде жалпы құны 25,2 млн. теңгені құрайтын 56,4 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 14,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық өнімдері, 6,3 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 3,2 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 19,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.