Жүрек неліктен қатаяды?

Құран Кәрімде: «Сосын осыдан (Алланың мұғжизаларын көргеннен) кейін де жүректерің қатайды. Олар тас секілді немесе одан да қатты»[1],-(«Бақара» сүресі, 74-аят) делінген.

Жүректің қатаю себептері:

  1. Күнәлар, айыптар, қылмыстар;
  2. Алланың жолынан бет бұру;
  3. Құранды тәрк ету;
  4. Дүниеқоңыздық;
  5. Артық тамақ жеу;
  6. Жаман жолдастар;
  7. Шектен тыс ән тыңдау;
  8. Көп күлу.

Уа, Алла! Біздің иманымызды берік, ісгі істерімізді қабыл ет, жүректерімізді қатайтпа!

 Дайындаған Х. Аманқұлов