ЖҮЙЕЛІ ІСТІҢ КӨЗІН ТАБУ…….

Егер маған ағаш шабуға сегіз сағат уақыт берілсе, соның алты сағатын балта қайрауға жұмсар едім-деген екен Авраам Линкольн.

Авраам атайдың сөзінің жаны бар. Өтпейтін балтамен өкпең өшіп бір бұта шапқанша, қайралған балтамен қаншама қайыңды отын қылуға болады.

Екеуіне де бір уақыт кетеді. Әуелгісі істің көзін таппай нәтижиесіз жан қинау. Соңғысы жүйелі істің көзін тауып жақсы нәтежиеге қол жеткізу.

Балтамызды қайрамай қаншама уақытымызды босқа сарп еттік. Балтасының жүзі өткірлер, жүздері бал-бұл жайнап өз істерінен ляззат алуда. Нәтежие Алладан. Жүйелі істің көзін тауып, одан ляззат алу пенденің өзінен.

МАҚСАТ СҚАҚОВ.