ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізу, жарнама мәтіндеріндегі тілдік нормалардың сақталуына бақылау жасау, аудандағы көрнекі ақпараттың пайдалануына бақылау жүргізу және «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заң талаптарының орындалуын жүзеге асыру мақсатында «Сауатты жарнама–тіл тазалығының көрінісі» атты зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Акцияда аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 21-бабының орындалуын қадағалап, көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізіп, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі тілдік нормалардың сақталуына бақылау жасады. Сонымен қатар жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды зерделеп, орын алған олқылықтарды түзеп, Заң талаптарын түсіндіріп, жұмыстар жүргізді.

 

Сарысу ауданы