Зейнетақы жинағындағы қаржыны кімдердің алдын ала шешіп алуына болады?

«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес, әр азаматтың зейнетақыға бөлетін жарнасы айлықтың 10 процентін құрайтыны белгілі.

Демек, азамат ғұмыр бойы жұмыс істеп, айлығының оннан бір бөлігін зейнетақы жарнасына аударып отырса, қартайған шағында қиналмай зейнетақысын алып отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР қазіргі қолданыстағы заңнамасында зейнетақы жинағын шешіп алу қарастырылмаған, себебі бұл ақша зейнетке шыққанда азаматты ақшамен қамтамасыз ету үшін беріледі.

Зейнетақы шотында белгілі бір сомада қаражат жиналып қалса, аннуитетті компанияның ескертілуімен, бәлкім, зейнет жасына жетпей жинаған ақшаны сақтандыру компаниясына аударуға болады. Бұл жағдайда азамат зейнетақысын бірден емес, кезең-кезең сайын сақтандыру компаниясынан алып отырады.

Зейнетақы төлемі тек Қазақстан Республикасынан тыс біржолата көшуді ұйғарған тұлғаларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге және азаматтығы жоқтарға уақытынан бұрын беріледі.

http://naryk.kz