ЗАРДАП ШЕККЕН НЫСАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Қарлы бораннан кейін Жаңатас қаласына жылу берілгелі қаланың көпқабатты үйлерінің жертөлелеріндегі жылу жүйлері тексеріліп жатыр. Сала мамандары жылу жүйлерінің ауасын шығарып, жылу жүйелерін зерделеуде.
Жылудың көпқабатты үйлерге дұрыс жеткізілуі мен қалыпты температураның сақталуы мамандардың тұрақты бақылауында.

******************

Ауданда дауылдан кейінгі ауылдық округтердегі жағдайлар зерделенуде.
Қазіргі таңда елді мекендердегі зардап шеккен нысандар анықталып жатыр.
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов бастаған жұмысшы топ Байқадам, Игілік, Жайылма ауылдық округтеріне барып, жағдайды көріп, зардап шеккен нысандарды (үйлер, қора-жайлар) анықтады.
Жалпы, барлық ауылдық округтер зерделенді.

******************
ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Бораннан кейінгі тазалық жұмыстары жалғасуда. Жаңатас қаласындағы құлаған талдар мен сынған бұтақтарды жинауға қоғамдық жұмысшылар, жастар мен еріктілер жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.
Тазалық ауладан басталатынын ескеріп, қаланың тазалығына бір кісідей ат салысайық!

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі