Залалсыздандыру жұмыстарының алғашқы кезеңі толық аяқталды

Жамбыл облыстық санитарлық эпидемиологиялық Департаментінің бекітуімен ауданымыздың 7 елді мекенінде (Игілік, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда, Досбол, Жайылма және Ақтам) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес, барлығы 7987 бас мүйізді ірі қара, 78707 бас уақ мал, 2143 бас жылқы, 1785 бас түйе және 1057 ауланың 315 300 м2 қора жайы залалсыздандырылуы тиіс.
Залалсыздандыру жұмыстары көктем, жаз және күз мезгілдерінде жүргізіледі.
Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 2838 кг дуст, 868 литр диазинон және 145 литр креолин препараттары сатып алынды.
Залалсыздандыру жұмыстарының алғашқы кезеңі толық аяқталды.
Бұдан бөлек, Департаменттің ұсынысы бойынша қосымша 4 елді мекенде (Шағалалы, Маятас, Жаңаталап және Үлкен Көкдала) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жоспарланып отыр.
Бүгінде аталған ауылдарда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржыны алуға және препараттарды сатып алуға жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Залалсыздандыру жұмыстарының 2-ші кезеңінде аталған ауылдарда да жұмыс жүргізілетін болады.
2-ші кезеңі мамырдың 17-20 күндері аралығында басталады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі