Заңсыз қоқыс төккендерге айыппұл салынады

Қаламызда белгіленбеген орындарға бей-берекет қоқыс тастау азаймай тұр. Тұрғындар тұрған жерін таза ұстамаса айппұл салу көрсеткіші де ұлғая түспек. Мәселен С.Шәкіров көшесінің тұрғыны рұқсат етілмеген орынға қоқыс төгіп, айыппұл арқалады. Бұған дейін сол маңға қоқысты үйіп кету сан рет қайталанған.

Қоғамдық жұмысшыларға қосымша жұмыс болған бұл әрекеттің алдын алу үшін мамандар үйілген қоқыс ішіндегі түбіртектен тәртіп бұзған тұрғынның ата-жөнін тапқан. Үйден шыққан қалдықтарды жақын маңға үйіп тастап күтіп жүрген тұрғынның бұл әрекеті әкімшілік айппұл төлеуге әкеп соқтырды.

@zhambyl_police
@shu_police