ЫСТЫҚ ШАЙ МЕН ТӘТТІ БӘЛІШТЕР ТАРАТЫЛДЫ

Төтенше жағдайдан кейінгі қала көшелерін мен қоғамдық орындарды тазалауға, құлаған талдар мен сынған бұтақтарды жинауға қоғамдық жұмысшылар да тартылған. Олар бораннан кейінгі тазалық жұмыстарына белсене кірісіп, тоқтаусыз еңбек етуде.

Қала көшелерін қалпына келтіруде тынымсыз еңбек етіп жүрген жұмысшылардың еңбектері ел алдында.

Бүгін аудан жастары мен еріктілер қала көшелеріндегі жұмысшыларға ыстық шай мен тәтті бәліштер таратты.
Суық күнде ыстық шаймен бойларын жылытқан қоғамдық жұмысшылар аудан жастарына алғыстарын жаудырды.

Сарысу ауданы әкімдігі