«YESSENOV UNIVERSITY» 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ СТУДЕНТІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ БІЛІМ АЛУДА

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «YESSENOV UNIVERSITY» оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Қайырбек Макулов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта «Yessenov University» академиялық күнтізбеге сәйкес маусым айына дейін емтихан тапсыру аралығы болып есептеледі. Білім алушыларға университет тарапынан емтихан тапсырудың бірнеше түрі ұсынылған. Студенттер өздеріне тиімді бағытқа таңдау жасап, өтініштерін электронды пошта арқылы берген. Айта кетейік аталған жоғары оқу орнында орталықтандырылған 788-788 арнайы колл-центр жұмыс жасайды.

«Елде орын алған төтенше жағдайға байланысты білім алушылар тарапынан оқу ақысы жөнінде бірнеше сұрақ туындауда. Бұл мәселенің бойынша факультет декандары барлық ақпаратты студенттерге жеткізді. Қандай да бір мәселе туындаған жағдайда студенттер өтініштерін электронды пошта арқылы жіберуге болады. Қазіргі уақытта 514 өтініш қабылданды. Өтініштердің барлығы қанағаттандырылып, оқу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі берілді»,-деді «YESSENOV UNIVERSITY» оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Қайырбек Макулов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған