Вирусты гепатит А деген не?

  Вирусты гепатит А (тұмау тәрізді сарғаю немесе Боткин ауруы) – бұл гепатит А вирусы тудыратын бауырдың жедел инфекциялық ауруы. Ауру көбіне «ластанған қол ауруы» ретінде белгілі.

Ауру қалай жуғады?

Вирус ағзаға негізінен фекальды-оралды жолмен түседі:

Ластанған суды немесе тамақты тұтыну арқылы;

Тазалық сақтамау (қолды жумау) салдарынан;

Ауру адаммен тығыз қарым-қатынаста болу арқылы.

Негізгі белгілері:

Дене температурасының көтерілуі, дірілдеу;

Жалпы әлсіздік, тез шаршау, бастың ауруы;

Тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, құсу;

Іштің (оң жақ қабырға астының) ауырсынуы;

Тән белгілері: несептің қараюы (шай сияқты), үлкен дәреттің ағаруы, көз бен терінің сарғаюы.

Алдын алу шаралары (Сақтану жолдары)

Вакцинация: Гепатит А-ға қарсы екпе алу – инфекциядан қорғанудың ең сенімді әрі тиімді жолы.

  1. Жеке гигиена: Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуу.
  2. Қауіпсіз су мен тағам: Тек кайнатылған немесе бөтелкедегі таза суды ішу, жеміс-жидектерді ағын сумен мұқият жуу.
  3. Бөгде заттарды пайдаланбау: Жеке гигиеналық бұйымдарды (орамал, ыдыс-аяқ) бөлек ұстау.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған бойда өз бетінше емделмей, бірден дәрігерге (инфекционистке) қаралыңыз!

 

Наурызбай ауданының

снитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

В.Конеева

 

Наурпызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

эпидемиологиялық бақылау

бөлімінің бас маманы З.Куренкеева