ВИЦЕ-МИНИСТР — АУДАНЫМЫЗДА
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков пен облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келді.
Ербол Қуанышұлы Жалпақтөбе ауылындағы «Тоқтасын Агро» шаруа қожалығының егіс алқабына егілген қант қызылшасы алқабымен танысты.![ВИЦЕ-МИНИСТР - АУДАНЫМЫЗДА](https://qazdauiri.kz/image/post/14928/image)
Аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов аталған алқапқа 200 гектар қант қызылшасының «Эйдер» сұрпы егілгенін, тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі қолданылатынын атап өтті.
![](https://qazdauiri.kz/storage/common/SEQG2ohDxRPZdmN9AVheAwFkaz01Arlc9bPh1gEm.jpg)
Вице-министр шаруа қожалық төрағасы Абдумалик Шариповтен шаруа жайын да сұрап білді.
Мұнан соң Вице-министр «Ауыл» шаруа қожалығының егіс алқабын көріп, жұмысын көрді.
Жамбыл ауданы әкімдігі