В.Путин Сириядан әскерін әкетуге бұйрық берді

Дүйсенбі күні Сириядағы Хмеймим әуе базасына барған РФ президенті Владимир Путин Қорғаныс министріне Сириядан Ресей әскерін әкетуге бұйрық берді. Бас қолбасшы Путин әскери қызметкерлер алдындағы мәлімдемесінде:

«Бас штаб бастығы, Қорғаныс министріне Ресей әскерін орналасқан аймағынан шығаруды бұйырамын. Ресей әскері Сирия сарбаздарымен бірігіп аталған аймақтағы халықаралық террористер тобына қарсы күрес жүргізді. Олар өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап шықты.  Осыған орай Сирия Араб Республикасындағы Ресей әскері елге қайтарылсын», — дей келе:

«Енді сіздер туған шаңыраққа, жақындарыңызға, ата-аналарыңызға, әйелдеріңізге, балаларыңыз бен достарыңызға жеңіспен ораласыздар. Достар, Отандарыңыз сіздерді күтеді. Жолдарыңыз болсын! Қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Егер террористер тағы да бас көтерер болса, біз мәңгілік естерінде қалатындай соққы жасаймыз.

Сирия мен Ресейде террористермен күрес барысында құрбан болғандарды ешуақытта ұмытпаймыз. Бірақ, бұл бізді қолымызды қусырып қарап отыруға мәжбүрлейді деп ойласаңыздар қателесесіздер. Бұл біздің халқымыздың мінезіне жат нәрсе. Террористер қалай жасырынса да, осы естеліктер жамандықпен күресу үшін бізге күш береді», — деді.