ҮШБҰЛАҚ КАНАЛЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Шаһар шырайын арттыру күн тәртібіндегі мәселелерден түскен емес.

Бұл ретте қала әкімі Е.Жылқыбаев Үшбұлақ каналына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың тынығатын орнына айналдыруды тапсырды.

Бүгінде канал аумағы бірқатар жөндеу жұмыстарын қажет ететіні рас. Нысан аумағы қоқыстарға толып, канал қамысқа толған. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында шаһар басшысы жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді:

 

 

1. Жағажайды қамыс пен қоғалардан тазарту, канал мен арықтарды мехникалық тазарту, бетон конструкциялар мен қоршау плиталарын бөлшектеу, ағаштарды кесу және тамырларын жұлу;

2. Сол жағалауда ені 2 мерт болатын жаяу жүргіншілер тротуарын салу, Қонаев көшесіне дейінгі жолды асфальттау;

3. Каналдың топырақ беткейлерін арнайы құралдармен нығайтып, орнына көгалдар мен жас ағаштар отырғызу;

4. Спорт, балалар алаңын салу және шағын сәулет нысандарын орнату.

 

 

Бұдан бөлек, каналдың Қонаев көшесі жағындағы оң жақ бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қазфосфат» мекемесі қаржы бөлуді жоспарлауда.

Айта кету керек, жөндеу жұмыстары аяқталған соң канал маңында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қорғау мақсатында күзет аймағы орнатылатын болады