«Үлгілі ауыл»

Көкпар қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын көргенде жүрегі жарылмайтын қазақ бар ма? Көкпарды жігіттің жігіті алады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген атқа міну мәдениетін халық арасында паш ету мақсатында облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының үміткері Биназар ауылында қазақтың ұлттық спорты көкпар ойыны өтті. Көкпарға көршілес Бирлик, Биназар, Айдарлы Хантау, ауылдарының көкпаршылары қатысты.

Elana.kz