Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Қыз көру

«Мырзалар қыз таңдаған келсін мұнда, Жігітті қыз көретін біз көрелік» /Т. Жомартбаев/
⚜️ Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз алуына барады.
⚜️ Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыл іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкім наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға хақысы жоқ. Керісінше ондай жігіттерді салтанатпен қарсы алған.
⚜️ Ауылдың бойжеткен ер мінезді, еркін қыздарды мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бір-бірін сынағын қыз жігіттер айтысқа да түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған. Олай болса бұрын да қыз-жігіттің ұнатып, сүйіп қосылған кездері болған.