Ұлытау облысы мәслихатының хатшысы сайланды

Бүгін, 8 маусым Жезқазғанда облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Хатшы лауазымына Amanat партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов тағайындалды.

Сессияға он екі депутаттың он бірі қатысты, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың құрамын бекіту, мәслихат аппаратын қалыптастыру сияқты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бауыржан Шыңғысов – Жезқазғанның тумасы. Жүйе құраушы кәсіпорындарда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте – Жезқазған әкімінің орынбасары және әкімі болған, Сәтбаевты басқарған.

 

 

2016 жылы VI шақырылымның депутаты, ал 2021 жылы VII шақырылымның Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа үш облыс – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру туралы Жарлығы заңды күшіне енді.

 

Жомарт Шаймұрат