Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Мирас Зікірияұлы Абдрахман тағайындалды

Мирас Абдрахман 1992 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында бастаған. 2020–2023 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында түрлі басшылық қызметтер атқарып, әлеуметтік сала бөлімін басқарды.
2023 жылғы шілдеден 2026 жылғы мамырға дейін Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін аталған басқарманы басқарды.