Ұлытау ауданында орналасқан Болған анакесенесінен табылған жәдігерлер негізіндежасалған археологиялық жаңғыртпаның тұсаукесері өтті

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіндеҚарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ҚазақстанТәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағандыоблысы Ұлытау ауданында орналасқан Болған анакесенесінен табылған жәдігерлер негізінде жасалғанархеологиялық жаңғыртпаның тұсаукесерінеҚарағанды облысы әкімінің орынбасары АбзалНүкенұлы арнайы қатысып,құттықтау сөз сөйледі.

 

 

Ерте заманнан бері белгілі болған кесененіңнақты археологиялық жұмыстары 2018 жылыҚарағанды қаласы әкімдігінің бастамасыменжүргізілген. Қазба жұмыстары барысында өте құндыархеологиялық олжалар табылды. Табылғанзаттардың ішінде алтын ыдыс, сырға, ер-тоқымныңқалдықтары, айна және кішкентай тар пышақтүріндегі кездік бар. Жібек матадан тігілгеншапанның табылуы бұл қазба жұмыстарының тағыбір ерекшелігін нақтылады.

 

 

Ғылыми-сараптамалық жұмыстардыңнәтижесінде тарихи тұлғаның нақты өмір сүргенуақыты анықталып, генетикалық тұжырымдаржасалды. Болған ана кесенесінен табылғанантропологиялық деректер негізінде Қазақстандағыалғашқы гипер-реалистік мүсін дайындалып, шапанымен қосалқы жәдігерлерді қалпына келтіружұмыстары жүргізілді.

                                                                                          Жомарт Шаймұрат