ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАР — ІС ЖҮЗІНДЕ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Ұлттық жоба іс жүзінде 2 копия            Ұлттық жоба іс жүзінде 1 копия

Ұлттық жоба іс жүзінде 4 копия            Ұлттық жоба іс жүзінде 5 копия

2022 жылы аталған бағдарламаға жалпы 397688,0 млн. теңге бөлінсе, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 85810,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 23893,0 млн.теңге, аудандық жергілікті бюджеттен – 287985,0 млн.теңге бөлініп отыр. Биылғы жылы облыстық басқарма тарапынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға берілген жоспар – 4020 адам (ТиПо – 99, қысқа мерзімді оқыту – 170, электрондық еңбек биржасы бойынша оқыту –76, бастау бизнеске – 400, грант – 253, бос жұмыс орындарына – 2113, әлеуметтік жұмыс орындарына – 95, жастар тәжірибесіне – 160, ақылы қоғамдық жұмысқа – 620, алғашқы жұмыс – 10, ұрпақтар келісім-шарты – 2, күміс жас – 22). Бүгінгі күнге – 1320 адам қайырылып, 1005 тұлға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, жоспар 25,0 %-ды құрап отыр (бос жұмыс орындарына – 452, әлеуметтік жұмыс орындарына – 97, жастар тәжірибесіне – 32, ақылы қоғамдық жұмысқа – 367 адам жіберілсе, қайтарымсыз грантқа –12 адам ие болды).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12-қазандағы № 728-ші Қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына» сәйкес, жастар және зейнеталды жастағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары қолданысқа енгізіліп отыр.
Бұл жобаларға қатысу мерзімі:
– «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша –18 айдан;
– «Күміс жас» жобасы бойынша –12 айдан;
– «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасы бойынша – 6 айдан аспайды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына жұмыс тәжірибесі жоқ жасқа толмаған жастар, оның ішінде, NEET санатындағы жастар қатыса алады. Аталған жобаға 2021 жылы жергілікті бюджеттен 5 адамға – 2,344 млн. теңге қарастырылып бөлінген. Жоспарланған 5 адам аудандағы мекемелерге («Нұрай» білім беру орталығына – 2 тәрбиеші, 1 бағдарламашы, «Айсұлу» ЖШС -іне 1 бухгалтер, 1 іс жүргізуші) тұрақты жұмысқа орналастырылды. Биылғы жылы 10 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оған жергілікті бюджеттен – 5,0 млн. теңге бөлініп, маусым айының соңына қарай өтінім берген «Нұрай», «Балбала» балабақшалары мен ЖК «Қалысбаевқа» жіберілетін болады.
«Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жасқа толмаған білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады. Бұл жоба бойынша 2 адамға жергілікті бюджеттен 1,5 млн.теңге бөлінді.
«Күміс жас» жобасына зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатыса алады. Аталған жоба бойынша 22 адамға республикалық бюджеттен – 24,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде бұл бағытта аудандағы мекемелермен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Осы жылы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіби оқуға – 170 адам жоспарланып, оның 130-ына – 23,9 млн. теңге  бөлінді. Ал, қалған 40 адамға тиісті қаражат бөлінген жағдайда, жұмыс берушілер: «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС-гі және «Мералко» ЖШС-гі кәсіптік
оқытуды ұйымдастыратын болады. Сондай-ақ, ЖК «Қалысбаев», «Айсұлу» ЖШС-гі, ЖК «Оқу орталығы», «Отан» ЖШС-гі оқу орындарында: 130 адамды – 11 мамандық (шаштараз, маникюр, киім пішуші, кондитерші, 1с бухгалтерия, бағдарламашы, газбен дәнекерлеуші, автожүргізуші В1, С1, машина ісінің шебері, массажист, темір өңдеуші) бойынша оқыту осы жылдың шілде айына жоспарланып отыр.  Аталған оқыту орындары (шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы) оқу мерзімдері аяқталғанннан кейін, бітірушілерді мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге келісім беріп отыр.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне келсек, 2021 жылы шағын несие бойынша 108 азаматқа – 468,2 млн. теңге беріліп, қазіргі таңда олар өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жүргізіп отыр. Реинвес (2017-2019 жылдарда қалған қаражат) 7 адамға – 28,0  лн.теңге несие берілді. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 36 адам. Ал, биылғы жылға тиісті ереженің әлі дайын болмауына байланысты шағын несие бойынша жоспар бүгінгі таңға берілмеді.
2022 жылға қайтарымсыз грант бойынша: 253 адамға – 309,9 млн. теңге жоспарланып, бүгінгі күнге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидаларына сәйкес, 12 адамға – 14,7 млн. теңге берілді (29 жасқа дейінгі жастар – 5, жұмысқа жарамды мүгедек – 1, көп балалы отбасы – 4, мүгедек бала күтуші – 2). Қалған 241 адамға – 295,2 млн. теңге, аталған қағидаларға қайта өзгеріс енгізілуіне байланысты толық дайын болған кезде берілмек. (Аталған гранттар мынадай категорияларға берілетін болады: 29 жасқа дейінгі 182 жасқа – 222,9 млн.теңге, көп балалы отбасы мүшелері, АӘК алатын аз қамтылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындар және жұмысқа жарамды мүгедектер бойынша 71 адамға – 87,0 млн. теңге бөлініп отыр).
Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орнына берілген жоспар 95 адам болса, қазіргі күнге 21 мекемемен келісім-шарт арқылы 97 адам жолдамамен жолданды. Оның ішінен, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 7 адам отбасылық жағдайларына байланысты өз еріктерімен жұмыстан шықты (оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жастар 9 адам).
Жастар тәжірибесіне 160 адам жоспарланса, бүгінгі күнге 32 жас аудандағы 18 мекемеге жолдамамен жіберілді. Жастар тәжірибесінің жоспары жылдағы тәжірибеге сәйкес маусым-шілде айларында жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітіргендер келуіне байланысты жыл соңына дейін толық орындалатын болады. Ақылы қоғамдық жұмысқа 620 адам жоспарланып, қазіргі күнде 395 адам ауылдық округтерге жолдамамен жолданды. Жіберілген адамдардың ішінен 29 жасқа дейінгі жастар саны – 38 адам.
Жыл басынан пробация бойынша ауылдық округтерден орталыққа –30 адам қайырылып, оның 11-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қалған 19 адамның 9-ы ұсынылған жұмыстан денсаулықтарына байланысты бас тартса, 10 адамға зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округтерден квота бойынша мүмкіндігі шектеулі 59 азамат орталыққа қайырылып, оның 25-і тұрақты жұмысқа орналасса, 28-і қайтарымсыз грантқа үміткер ретінде тіркеліп, 6-уы ауданнан тыс жерлерден жұмыстар іздестіруде. Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында бағдарлама шеңберінде ауданнан ерікті түрде Солтүстік Қазақстанға, 2021 жылы, 3 отбасы – Айыртау, Шарбақты аудандарына қоныс аударды. Биылғы жылы Ойтал ауылдық округінен 2 отбасы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданына қоныс аударуға өтініш білдіріп отыр.
Аудан тұрғындарын және жастарды жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері 2 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Онда 120 бос жұмыс орны ұсынылып, 28 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жастар саны – 11. Негізінен, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ауданда тоқсан сайын өткізіліп отырады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар, мамыр айларында орталықтың мамандары «Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және еркін форматта пікір алмасу» тақырыбында, ауылда жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамту мақсатында, барлық ауылдық округтерде 18 бен 29 жас аралығындағы жастармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халықты әлеуметтік қолдау және жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстарды кеңінен насихаттау мақсатында, 2022 жылы аудандық «Меркі тынысы» газетіне – 3, «Меркі ақиқат» газетіне –1 мақала, әлеуметтік желіге (Instagram czn_merki) 25 және (Instagram merke_info) парақшасына 6 мақала жарияланды.
2022 жылы бос жұмыс орындарына – 2113 адам жоспарланса, осы күнге – 469 адам орналасып, бұл көрсеткіш – 22,2 %-ды құрап отыр (оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жастар – 128 адам). Қорыта айтқанда, алдағы уақытта да, ауылдық округ әкімдерімен және ұйым-мекемелер басшыларымен тығыз байланыс орната отырып, қажетті  іс-шараларды өз деңгейінде атқаратын боламыз.

Ербол  ДҮЙСЕБАЕВ,
«Халықты  жұмыспен  қамту
орталығы»  КММ-нің  директоры.