“Ұл тәрбиесі -ұлт тәрбиесі”

Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.
Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде.
Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.
Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді айта отырып, мектебімізде ұлдар отырысы жиі өткізіледі.
Сондай іс шаралардың бірі “Азамат” ұлдар кеңесінің отырысы болып өтті.
Мақсаты: Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар беру.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда Талас аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Махамбетов Қадіржан Серікұлы Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Алтай Бағлан Алтайұлы мен Талас ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бакибеков Самат Сауатұлы және бас құтқарушысы Кенжегулов Шоқан Жұманалыұлының қатысуымен “Азамат” ұлдар кеңесінің отырысы болып өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, Қадіржан Серікұлы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, түнгі уақытта ата-ана немесе заңды өкілдерінсіз жүру, рұқсатсыз табиғат аясына серуенге шығу, жасөспірімдердің скутер, мопед жүргізуінің, интернет алаяқтық пен кибербуллинг пен буллингтің алдын алу, нашақорлық пен психотроптық заттарды қолданудың алдын алу бойынша толық түсіндіру жұмыстары
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жасөспірімдердің су айдындарында рұқсатсыз шомылу мен көпқабатты үйлердің балконы мен терезелерінен қарау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Отырыс соңында жасөспірімдер қауіпсіздігі туралы баяндама оқыдым.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық мектеп лигасында 1 орын иеленіп, футболдан республикалық кезеңге жолдама алған гимназия футбол командасын құттықтадым.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы