«Учаске» жедел алдын алу шарасы басталғалы полиция 7 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әр учаскені максималды пысықтау жұмыстарын жүргізеді. «Учаске» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері жеті мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, бұзақылық, азаматтарды заңсыз тіркеу және басқалары анықталды.

Қазіргі уақытта барлығы 102 мыңнан астам тұрғын алапқа аралау жүргізілді.

«Сарыарқа ауданында аулаларды аралау кезінде сөмкесіндегі 2 миллион 200 мың теңгесін жоғалтқан әйел учаскелік инспекторға жүгінді. Учаскелік полиция инспекторлары – аға лейтенант Оралхан Абитов пен аға лейтенант Кенжебай Мұсаевтың жедел жұмысының арқасында шағым иесінің бұрынғы жұбайы қамауға алынып, ақшаны алғанын мойындады», – деп атап өтті полиция департаментінде.

Сондай-ақ аудандық басқармалардың учаскелік инспекторлары азаматтық қару иелерін тексерді. Тексерілген 3464 адамның 54-інде әртүрлі бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар тұрғындармен және тұрғын үй мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызмет көрсету ұйымдары төрағаларымен есеп беру кездесулері үнемі өткізіліп тұрады. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 95 кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарында карантин тәртібінің сақталуын тексеру бойынша рейдтер жалғасуда.