ТЖ-дан кейін ХҚКО ашылу сәтінен бастап қостанайлықтар 11 мыңнан астам қызметтер алды.

Қостанай облысының ХҚКО-лары 11 мамырдан бастап жұмысын қайта бастады. Осы уақыт ішінде өңір тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтарында 22 142 қызмет алды.

«ЭЦҚ алу қызметі ең танымал болып шықты. Электрондық цифрлық қолтаңбаны енді электрондық үкімет порталында қашықтықтан режимде рәсімдейді, дегенмен, жеке басын растау виртуалды ассистент арқылы өтеді. 11 мамырдан бастап 21 мамырға дейін 5 706 ЭЦҚ расталды. Одан әрі ең танымал қызметтердің төрттігінде — көлік құралдарын тіркеу. Екі апта ішінде қостанайлықтар 3347 автомобильді есепке қойды. Осы кезеңде жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 2388 құжат, сондай-ақ 1621 жүргізуші куәлігі берілді», -деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева статистиканы баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай қаласының ХҚКО-лары жаңа жұмыс форматына көшкен болатын. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық қызметтер көрсетілмейді. Олар электрондық үкімет порталында қолжетімді, оларды кеңседен немесе үйден, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан алуға болады. ХҚКО-да тек «қағаз» қызметтер көрсетіледі, сондай-ақ egov.kz-те тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттар пакеті беріледі..

ХҚКО-ларға бару тек кезекті алдын ала брондау бойынша жүзеге асырылады. «ХҚКО-да кезекті брондау» қызметі egov.kz. порталында қолжетімді, бұл үшін көрсетілетін қызметті алушылар сайтта мүмкінді жолдардың бірімен: логин/пароль, бір рет қолданылатын пароль немесе ЭЦҚ арқылы авторлануы қажет. Сондай-ақ, ХҚКО-ға 1414 байланыс орталығы арқылы және eGovKzBot2.0 Telegram бот арқылы кезек брондауға болады. Айтпақшы, Telegram-да жақын жердегі ХҚКО-ның мекенжайын да көруге болады.

Егер сіз МАБ-да тіркелген болсаңыз, онда сізге СМС-хабарлама келіп түседі немесе осы қызметтің нәтижелері Сіздің жеке кабинетіңізде қолжетімді болады. Егер СМС-хабарлама келмесе, экраннан сәтті кезекті брондау туралы скрин/фото жасау және бөлімге брондалған уақытқа дейін 15 минут бұрын келіп, Reception-де қызметкерге ұсыну қажет.

Мобильдік азаматтар базасында тіркелу болмаған жағдайда виртуалды ассистенттер арқылы тіркелуге болады. Бейнеоператорлардың жұмыс кестесі

сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін дүйсенбіден сенбіге дейін, жексенбі және мереке күндері — демалыс. ХҚКО-да кезекті брондау тәулігіне бір рет қана қолжетімді. Егер сіздің таңдаған уақытыңызға бос операторлар болмаса, онда басқа уақытты таңдау қажет.

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2020 ж. 21.05. Қостанай