Түзеу мекемесінде жұмыс кездесуі өтті

Бүгін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің мәжіліс залында мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметовтың жүргізуімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ғалымжанұлы және Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы А.Тұрсынова келді. Сонымен қатар, мекеме бастығының орынбасары, мекеме қызметкерлері және шағын,орта бизнес өкілдері қатысты. Жұмыс кездесу өткізілуінің басты мақсаты-шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап,оларды алдын алу. Қазіргі таңда түзеу мекемесі аумағында нәтижелі өндірістік жұмыс орындарын ашу, сотталғандарды жұмысқа орналастырудың бірден-бір мүмкіндігі. Айта кетсек, аталған мекеме аумағындағы жұмыс жасайтын 7 жеке кәсіпкер сотталған азаматтардың 81% ақылы жұмыспен қамтып отыр. Кездесу барысында біршама өзекті сұрақтар қаралып, талқыланды.