Туыстық атаулар (Балаларға базарлық)

Есте сақта!

Ата – әкеннің  әкесі, бергі ата.

Арғы ата – атаның әкесі.

Жеті ата – сегізінші атаға дейінгі  аталар.

Нағашы ата – шешенің (ананың) әкесі.

Әже – әкенің шешесі,үлкен әже.

Нағашы әже – шешенің  шешесі.

Әке жағынан қандастық туыс атаулары:

әке,

шеше,

аға,

апа әпке,

тәте,

іні,

қарындас,

сіңлі,

баба,

ата,

әже,

немере,

шөбере,

немере аға,

немере апа,

немере қарындас,

немере іні,

немере сіңлі,

шөбере аға,

шөбере іні,

шөбере апа,

шөбере қарындас.

Шеше жағынан қандастық туыс атаулары:

нағашы,

нағашы ата,

нағашы әже,

нағашы әпке,

нағашы аға,

нағашы іні,

нағашы қарындас,

жиен,

жиеншар.

Некелік қатынасқа байланысты атаулар:

жезде,

жеңге,

нағашы жеңге,

нағашы жезде.

Құдалыққа байланысты туыстық атаулар:

құдаша,

құда бала,

құдағи,

құда.

Менің туыстарым.

Өз жұртым

Ұлдардың үлкені –

Бір туған АҒАМ бар,

Қыздардың үлкені —

Бір туған ӘПКЕМ бар.

Әкеге мен – БАЛА,

Атаға – НЕМЕРЕ.

Немере баласы

Болады ШӨБЕРЕ.

ШӨБЕРЕ баласы

ШӨПШЕК деп аталар,

Шөпшектің баласы

НЕМЕНЕ саналар —

Осы ұрпақ жалғасы

«ЖЕТІ АТА» бола алар.