{:kk}ТҮРКІСТАНДА 2000 ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ{:}{:ru}2000 ЛИТРОВ НАУРЫЗ-КОЖЕ ПРИГОТОВИЛИ В ТУРКЕСТАНЕ{:}

{:kk}

Бүгін Түркістан облысының жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін Түркістан қаласында қарсы алды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.

«Түркістан облысында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталды. Облысымызда әр күнге әртүрлі ат беріліп, мағыналы әрі мазмұнды іс-шаралар, жалпыхалықтық серуендер өтті. Көшеттер отырғызылып, қаланы көркейту жұмыстары жанданды. Ұлттық киім мен дәстүрлі ән-күйлеріміз насихатталды. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, баршаңызды Түркістанды гүлдендіруге үлес қосуға шақырамын. «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген мақал бар. Бірлігіміз мықты, еліміз тыныш болса, Түркістанымыздың келешегі жарқын болатыны сөзсіз. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын», – деді Өмірзақ Естайұлы.

«Есім хан» алаңында өткен мерекелік шарада өңіріміздің танымал өнерпаздары, студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған жалпы 2000-ға жуық адам өз өнерлерін көрсетті. Жыл басының басталуын көрсететін театрландырылған қойылым қойылды. Сондай-ақ, этноауылда облыстағы аудан-қалалар киіз үйлер тігіп, ұлттық тағамдардан дастарқан жайып, жұртшылыққа ұсынды. Қонақтар үшін 2000 литр наурыз көже дайындалып, 1,5 тонна палау басылды. Одан бөлек, қолөнершілер жасаған түрлі ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.

 {:}{:ru}

Сегодня в Туркестане с особым размахом отметили День Великого Улуса — Наурыз. В торжественном мероприятии принял участие аким области Умирзак Шукеев, который поздравил жителей и гостей региона с праздником.

«В Туркестанской области празднование Наурыза началось 14 марта. Каждый день в нашей области были организованы различные мероприятия, высажены саженцы деревьев, проведены работы по озеленению и благоустройству города. Я призываю вас всех внести свой вклад в процветание Туркестана. От всей души поздравляю вас со светлым и великим праздником Наурыз мейрамы!», — сказал У.Шукеев.

В праздничном мероприятии, прошедшем на площади Есим Хан приняли участие около 2000 человек, в том числе популярные артисты, студенты, жители и гости города. Кроме того, было показано театрализованное представление о весеннем празднике, а в юртах, установленных в этноауле накрыли богатые дастарханы, гостей угощали национальными блюдами.

Наряду с этим, для гостей приготовили 2000 литров наурыз коже и 1,5 тонны плова. Кроме того, была организована выставка изделий, изготовленных мастерами народных ремесел.

{:}