ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды. Аймақта жалпы 15 мың гектар жерге күздік және жаздық бидай егілген. Өңірде егін оруға қажетті 57 комбайн, 500-ден астам агротехника бар. Диқандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлауда.
Астық оруды аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі «Қазығұрт» өндірістік кооперативі бастап кетті. Аталған қожалықтағы 1 400 гектар егінді алқапқа егілген арпа мен бидайды жинауға 10-ға жуық агротехника тартылып, онда 20 шақты жұмысшы еңбек етуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі