ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеев жұмыс  сапарымен Созақ ауданында болып, халықты газ, жарық пен жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалармен танысты.

Таукент кентінде орналасқан «Уран Қуат» ЖШС-і жылу маусымына дайын. Таукент және Қыземшек кентін жылумен қамтамасыз ететін орталық 4 мекеме, 39 көпқабатты тұрғын үйлер мен 180 жеке үйлерді, 9 бюджеттік мекемені мазут отынымен жылытып отыр. 279 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

 

Облыс әкімі Шолаққорған ауылындағы АГТС магистральды газ құбыры-тармағын салу» жобасының жұмысымен танысты. Газ құбырының ұзындығы  – 43,809 шақырым. Созақ ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

 

 

Созақ ауданындағы тағы бір ауқымды инвестициялық жоба Шолаққорған ауылында орналасқан “ЮКСЭС-50” ЖШС күн электростанциясы іске қосылды. Күннен қуаттанатын станцияға аудандағы индустриалды аймақтан 120 га жер берілген. Қауіпсіз энергия көздерін дамытуға бағытталған үлкен жоба аясында жүзеге асқан жаңа станцияда заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар қойылған.

 

 

Жоба құны – 24 млрд. теңгені құрады. Өндірістік қуаты 50 мВТ. 30 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына жасаған жұмыс сапарында «Жастар ресурстық орталығының» жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Замануи жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимарат соңғы үлгіде салынған. Облыс басшысы жаңа орталықтың ашылу салтанатына орай шаңырақ көтерген жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктерін табыс етті.

 

 

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі