ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 17 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңір кәсіпкерлерінің демеушілігі арқасында Шардара аудандық орталық ауруханасы тағы 17 оттегі концентраторымен толықты. Қазіргі кезде аудандық орталық ауруханасында барлығы 20 оттегі аппараты науқастардың денсаулығын жақсарту үшін жұмыс істеуде. Алдағы уақытта тағы да оттегі аппараттарының санын көбейту көзделіп отыр. Әдеттегі оттегі балонынан әлдеқайда тиімді және өнімді бұл аппаратқа қол жеткізген орталық аурухана ұжымы, әсіресе науқастар өз қуаныштарын жасырмай, ізгі іс істеген барша азаматтарға алғыстарын білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі