ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭПИДАХУАЛ БОЙЫНША ЖАСЫЛ АЙМАҚТА

Қазіргі таңда Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқан. Облыс аумағында 135 төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда инфекциялық төсек-орындарының жүктемесі – 27,3%. Реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі – 7,1%. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 3 090-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Алтын Мейрамбайқызы мәлімдеді.

Түркістан облысында ақпан айынан бастап 150 егу пункттерінде екпенің І-компоненті – 1 047 064 адамға, ІІ-компоненті – 1 047 134 адамға егілді. Сонымен қатар, бүгінгі таңға 765 966 адамға ревакциянация жасалған.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау дапертаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов Түркістан облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 6 жағдайы тіркеліп, 1 күндік өсім 0,03% құрағандығын айтты. Өткен аптамен салыстырғанда COVID-19 24 жағдайға өскен. Мамандар азаматтарға бетперделік режимді сақтауға шақырады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі