ТҮРКІСТАН БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ БЕСІГІНЕ АЙНАЛҒАН

Жамбыл облысының Түркістан облысындағы күндері аясында облыс әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардің кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық негіздері» атты шеберлік сағатын өткіздік.
Әуелі шеберлік сағаттың ашылу салтанатына қатыстым. Жиында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевпен кездесіп, сөз сөйледім.
Ашылу салтанатынан кейін білім қызметкерлері секцияларға бөлініп, шеберлік сағаттарына қатысты. Біз өз кезегімізде Рақымбек Қуатбекұлымен семинарларға қатысып, ұстаздармен кездестік.
Шеберлік мектебіне Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының орынбасары, әдістемелік орталық әдіскерлері, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары қатысты.
Түркістан қаласының «Оқушылар сарайында» өткізілген шараның басты мақсаты – Жамбыл облысының озат педагогикалық тәжірибесін тарату, оқытудың заманауи әдістерін ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу.
Шара барысында «Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамытудың тиімді жолдары», «Мектепті тиімді басқарудың технлогиялары мен әдістемелері, сапа менеджмент жүйесі», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: ізденіс, тәжірибе, нәтиже», «Мектеп жұмысын сандық жүйеге негіздеу арқылы басқару тиімділігін арттыру», «Білім беру ұйымын дамытудың стратегиясы – сапалы білімге қол жеткізудің негізі» тақырыптарында ақпараттық сессия, дискуссиялық алаң, тренинг өткізілді. Шеберлік мектепке қатсушылар Жамбыл облысының білім мазмұныны жаңарту жағадайындағы өңірлік тәжірибесімен танысты.