ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРҒА МӘМС ЕСЕБІНЕН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛЕДІ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет есебінен сақтандырылған. Оларға қор есебінен жоспарлы және шұғыл түрдегі стоматологиялық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жыл басынан бері балаларға 2,77 млн-нан астам теңгеге стоматологиялық көмек көрсетілді.
16 мамыр мен 16 маусым аралығында Республика көлемінде «Балаларға күлкі сыйла!» акциясы өтуде. Акция аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары денсаулық сақтау басқармаларымен, медициналық ұйымдармен бірлесіп балаларға профилактикалық стоматологиялық тексерулер жүргізуді ұйымдастырады. Қор тарапынан берілетін көмек интернаттардың, балалар үйлерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қолжетімді. Елімізде МӘМС аясында 600-ден астам медициналық ұйым стоматологиялық қызмет көрсетеді. Учаскелік дәрігердің жолдамасы болмаса да Қормен келісімшарты бар жеке стоматологияны таңдауға немесе тіркелген емханадағы стоматологиялық кабинетке жүгінуге болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі