ТҮРКІСТАНҒА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бір жарым ғасырлық тарихы бар киелі Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері күн санап шырайы кіріп келеді. Түркілердің астанасы аталған қасиетті шаһарға ат басын бұрып, тарихи жерлерін тамашалаушылар жан-жақтан ағылып келеді.
Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Сарысу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» ұйымдастыруымен әлеуметтік-мәдени бағыттағы жұмыс жоспарына сәйкес қызмет алушы балалалар мен ата-аналары қасиетті, киелі мекен – Түркістан қаласына экскурсияға барды.
Саяхат барысында экскурсияға қатысушылар алдымен балалар мен ата-аналары Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, содан соң қаланың көрікті жерлерін аралап, Қазақстан эстрада әншісі Зарина Омарованың концертін тамашалады. Сондай — ақ, «Дала Венециясы» ретінде танылып кеткен су арнасының бойымен алып кеме тұрған айдынға барып, «Қыз Жібек» қойылым шоуын көріп, естелікке суреттерге түсті.
Тарихы тағылымды Түркістанға сапар балалар мен ата-аналарына өте көтеріңкі көңіл күй және есте қалатын әсер сыйлады.
Баланы қуанту-әлемге шуақ шашумен тең дегендей игілікті іске мұрындық болып, демеушілік танытқан ауданымыздың жеке кәсіпкері Блалиев Тоқтасын Амантайұлына балалар шексіз алғысын білдірді.