ТҮРКІСТАНДЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
Өзбекстанның Самарқан қаласында академиялық ескек есуден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 13 елден 268 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында 35 спортшы болса, оның 12-сі Түркістан облысының өкілдері болды. Түркістандық спортшылар түрлі сындарда 2 күміс, 4 қола медальға ие болды.
W8+ командалық сайысында жерлестеріміз – Мария Лебедева, Ангела Полянина, Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова күміс медаль еншіледі. Ал LW4x бағдарламасында Кеңес Роза күміс жүлдеге қол созды. Сондай-ақ қола жүлдегерлер қатарында Әділет Керімбек (LM2x бағдарламасы), Қуаныш Бекбембетов (LM4), Ангела Полянина, Мелани Жакупова (В4-), Галкин Владислав, Чернухин Иван (M4x) сынды таланттар бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі