Түркістанданда Шәмшіге арналған әдеби-сазды кеш өтті

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Шәмшінің әсем әндері-ай…” атты әдеби сазды кеш өтті. Кеш барысында Қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әбдіразақ Зәуре мен төрайым орынбасары Әжімұратов сөз алып, біртуар тұлға жайлы естеліктермен бөлісті.

Әндер шеруі бөлімінде Кентау облыстық Көзқарас мүгедектер қоғамының мүшелері Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Теріскей», «Қайдасың» әндерін шырқаса, «Белсенді ұзақ өмір»,«Тең қоғам» бөлімінің қызмет алушылары «Алтыным», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым», «Бақыт құшағында», «Сырласу вальсі» әндерін орындап көпшіліктің қошеметіне ие болды.

«Шәмшінің әндері халықтың жүрегінде, еліміздің әрбір азаматының жүрегінде» дейді ұйымдастырушылар. Шараны Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы кітапхана мен N2 кітапхана филиалы ұйымдастырған.

Түркістан қаласы