Түркістанда «Қарлығаш» өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті

Түркістанда Айтбозым Мұратбековтің «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті. Ақынмен кездесу оқырман жүрегіне жылу сыйлаған кеш болды.

Мазмұнды іс-шара барысында ақынның өмір жолына арналған бейнеролик көрсетілді. Ал кітапхана оқырмандары өлеңдерін мәнерлеп оқыса, нағыз таланттары ән шырқады. Кеш барысында Айтбозым Мұратбеков шығармашылық жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, балалармен еркін сұхбат құрды. Жиын соңында ақын оқырмандарға жүрекжарды тілегін арнап, кітаптарын сыйға тартты.

Ақын шығармашылығындағы табиғат пен балалық шақ, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік пен мейірім сынды тақырыптар жас оқырманның жүрегіне жол тапты. Балаларды поэзия әлеміне баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және балалар әдебиетін насихаттау мақсатында өткен шарадан алған шынайы әсер мен рухани мазмұн балалардың есінде сақталмақ.

Түркістан қаласы