Түркістанда 100 жетігенші өнер көрсетті

27 қыркүйек күні бірқатар елде халықаралық туризм күні аталып өтіледі. Мереке қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 100 жетігенші өнерін көрсетіп, көпшілікті таң қалдырды.

Жас өнерпаздар келуші қонақтар мен зиярат етуші алаңда жетігеннің үнін көпшілікке тыңдатты. Сондай-ақ Түркістан қаласында туризм күніне орай «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық қолөнершілер көрмесі өтті.

Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның, ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясымен бекітілді және жыл сайын дәл осы күні атап өтіледі.

Түркістан қаласы