ТҮРКІСТАН ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралады. Өңір басшысы алдымен «Белсенді демалыс саябағы» нысанының құрылыс барысымен танысты. Жауаптылар мен мердігерлерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.



Жобалаушы – «NKY Architects & Engineers KZ» ЖШС. Оңалту орталығына тиесілі жер телімінің алаңы – 1,56 гектар. Ғимараттың жалпы алаңы – 2 227,41 м2. Нысан аумағының 5507 шаршы метрі көгалдандырылса, 2012 шаршы метріне балалар ойын алаңы салынбақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

